Клуб тарихы
Тұран футбол клубы — Түркістан қаласындағы футбол клубы. 2003 жылы құрылған. Өз алаңындағы ойындарын 2021 жылдан бастап "Түркістан Аренада" өткізеді, сыйымдылығы 7000 адам.

Маусымдар

2003 жылы "Қостүйін" деген атаумен бірінші лигаға қатысып, 20 ойынның бесеуінде жеңіске жетті де, бір кездесуді тең аяқтап, қалғандарында жеңіліп қалды.

2004 жылы "Арыс" деген атаумен ойнап, бірінші лиганың "Оңтүстік-Батыс" аймағында соңғы орында қалды.

2019 жылы команда қайта бас қосты да, Екінші лига мен Қазақстан кубогына қатысты. Кубок ойындарында алғашқы раундта төрт команданың ішінде үшінші орын алып, келесі сатыға шыға алмады.

2020 жылы Қазақстан бірінші лигасының оңтүстік аймағында екінші орын алды.

2021 жылы Премьер лига клубтарының саны 14-ке дейін көбейтіліп, клуб өз тарихында тұңғыш рет элитада ойнайтын болды.

2021 жылы атауы "Тұран" деп өзгертілді де, базасы Түркістанға көшірілді.
#bizTuran
Подпишись и вступай в клуб болельщиков ФК «Туран»
marketing@fcturan.kz